Дербес деректерді беруге арналған келісім

Жеке деректерін беру келісімі

Жеке деректер

Chevrolet сіздің жеке өміріңізге қол сұғылмауына қамқорлық жасайды. Chevrolet Сіздің жеке деректемелеріңізді сіздің сұранысыңызды жүзеге асыру мақсатында және (немесе) сіздің қызығушылығыңызға байланысты басқа мақсаттарда және кез келген жағдайда өз қалауыңыз бойынша Chevrolet өңделетін және жеке деректемелеріңізді (сіздің аты-жөніңіз, мекен-жайыңыз, телефон номері немесе электрондық пошта мекенжайы) («Жеке деректер», «ЖД») сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректерді сұратпайды. Өз жеке деректеріңізді берген жағдайда, сіз ЖД субъектісі ретінде («ЖД субъектісі») Қазақстан Республикасы , Алматы қ., Сүйінбай даңғ., 159а мекенжайында орналасқан Chevrolet өкіліне («ЖД операторы») ЖД операторының автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе аталған құралдарды пайдаланбастан келесі іс-әрекеттерді немесе әрекеттер тобын жасауға келісім бересіз : ЖД жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, иесіздендіру,  тосқауылдау, өшіру, ЖД жою,  келесі негізгі мақсаттар үшін: әлеуетті қызығушылық тудыруы мүмкін тауарлар мен қызметтер туралы 10 жыл мерзім бойы сізге ақпарат беру; әлеуметтік және басқа да зерттеулер жүргізу, соның ішінде тұтынушылардың ұсынылған тауарлар мен қызметтердің сапасына қанағаттану индексін зерттеу, сондай-ақ ықтимал наразылықтарды өңдеу мақсатында ЖД трансшекаралық беру.

Жоғарыда аталған мақсаттарда ЖД операторы өзінің халықаралық компаниялар тобының («Keles Distribution») ішінде, сондай-ақ өзінің делдалдарына, авторландырылған сервистік орталықтары мен агенттеріне, сонымен қатар, Қазақстандағы Chevrolet өкілі өз қалауы бойынша тиісті шарттар жасайтын кез келген басқа компанияларға жеке деректемелерді беруге құқылы болады. Сіздің жеке  деректеріңіз жоғарыда аталған мақсаттарды орындау үшін қажетті уақыт кезеңі ішінде немесе сіз оларды өңдеуге берген келісімді кері қайтарып алғанға дейін өңделетін болады.

Сайтта жиналған жеке деректерді жинау, сақтау, жинақтау және жүйелеу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан деректер базасын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Сіздің жеке деректеріңіз оларды өңдеу мақсатында Еуропалық экономикалық одақ («ЕЭО») мемлекеттеріне және жеке деректердің дұрыс қорғалуын қамтамасыз ететін басқа мемлекетерге берілуі мүмкін. Біз сіздің деректеріңізді қолданыстағы заңнамаға сәйкес сақтау үшін барлық ақылға қонымды шаралардың қоланылатынына кепілдік береміз. Деректер сіздің алдын ала келісіміңіз болмаған жағдайда өз бетінше  пайдалану үшін үшінші тараптарға берілмейтін болады.

Егер сіз жеке деректемелеріңізді Chevrolet берген болсаңыз және бұл ақпараттың түзетілгенін немесе біздің жазбаларымыздан өшірілгенін қалайтын болсаңыз немесе Сіздің жеке деректеріңіздің қайсысын  біздің пайдалаатынымызды білгіңіз келсе, сондай-ақ Сіздің жеке деректеріңізді өңдеуге қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз немесе күдіктеріңіз бар болатын болса, Сіз Chevrolet өкілінің атына  Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сүйінбай даңғ., 159а мекенжайына сәйкес сұраныс бере аласыз.

Келісім 10 (он) жыл мерзімге беріледі. Келісім Қазақстандағы Chevrolet өкілінің атына жазбаша хабарлама жіберу арқылы, ішінде салым тізімдемесі бар тапсырысты пошта жөнелтімі бойынша кері қайтарылуы немесе Қазақстандағы Chevrolet өкілетті өкіліне қолтаңбасын қойдыру арқылы  жеке табысталуы ықтимал.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына (бұдан әрі – «заң») сәйкес Сіздің түйіндемеңізді және электрондық пошта мекенжайыңызды қоса алғанда, сіз ұсынатын ақпарат «Жеке деректер» анықтамасына жатқызылады. Сол себерті сіздің жеке деректеріңізді өңдеу барысында біз жоғарыда аталған Заңда көрсетілген ұстанымдарды сақтауымыз қажет. Сізден алынған барлық жеке деректеріңіз біздің орталық деректер базасында сақталады. Заң мақсаттарына сәйкес Қазақстандағы Chevrolet өкілі жеке деректерді қамтитын базаның меншік иесі және операторы болып табылады.

Сілтемелер мен жарнама баннерлері арқылы сіз деректерді қорғау тәжірибесі Компанияның сәйкес саясатынан өзгеше болатын басқа веб-сайттарға енуіңіз мүмкін екеніне назар аударыңыздар. Біз осындай үшінші тараптарға берілетін немесе олар жинақтайтын ақпарат үшін жауапкершілік алмаймыз және оларды қадағаламаймыз.

Жеке деректерге жатпайтын, автоматты түрде өңделетін ақпарат

Қандай да бір жағдайларда біз жеке деректерге жатпайтын ақпаратты ала аламыз. Осындай түрдегі ақпараттың мысалы сіз пайдаланатын Internet-браузер түрі, компьютерде пайдаланатын операциялық жүйе түрі немесе біздің сайтқа немесе жарнамалық хабарламаға қосылған web-сайт домен атауы болуы мүмкін.

Сіздің қатқыл дискіңізге біз автоматты түрде орналастыра алатын ақпарат

Сіз біздің Сайтымызды қараған уақытта, біз қандай да бір ақпаратты Сіздің компьютеріңізге жазуымыз ықтимал. Аталған ақпарат Cookie-файл ретінде жазылады және ол бізге сіз үшін пайдалы болуға көмектеседі. Мысалы, Cookie файлдары сіздің қызығушылығыңыз бен талғамдарыңызға сәйкес болатын  web-сайт немесе жарнамалық хабарландыру жасауға мүмкіндік береді. Internet-браузерлердің көпшілігі Cookie файлдарды сіздің қатқыл дискіңізден өшіруге, Cookie файлдарын тосқауылдауға немесе Cookie файл жазылудың алдынла ескерту алуға мүмкіндік жасайды. Браузеріңіздің жұмыс нұсқауларын оқып танысыңыз немесе осы функциялар туралы қосымша ақпарат алу үшін «helpscreen» терезесіне қараңыз.

Байланыс деректемелері

«Keles Distribution» ЖШС

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сүйінбай д., 159А

Chevrolet жедел  желісі

7810

(Қазақстан бойынша қоңырау тегін)

Күн сайын 09:00-21:00 (Алматы уақыты бойынша)

Өтініш қалдыру