Жүк бөлімінің көлем
Жүк бөлімінің көлем
Кең салон
Сипаттамалары туралы толығырақ
Қауіпсіздік жастығы
Nexia – кез келген жасқа арналған автокөлік. Техникалық сипаттамаларының әмбебаптығы, классикалық дизайны, салонның жайлылығы, басқару жеңілдігі – автомобильдің осы және басқа да көптеген артықшылықтары оны кез келген жастағы жүргізуші жасайтын ең жақсы таңдауға айналдырды. Nexia – қалаға арналған мінсіз автокөлік. Автокөліктің тамаша сапасы мен заманауи дизайнының арқасында ол қалалық жағдайға мінсіз сәйкес келеді. Ыңғайлы және қарапайымдылығы тәжірибелі жүргізушіні ғана емес, рульге жаңадан отырған адамдарды да таң қалдырады. Ал, автокөліктің динамикалық дизайны оны кез келген қалалық ағында ерекшелейді. Nexia – қозғалыс әсемдігі. Жиектері мен пішінінің үйлесімі – бұл стиль мен жайлылық үйлесімін лайықты бағалай алатындар үшін жасалған автокөлік. Автокөлікті басқарудан сүйсіну сезімі сіз үшін сапар мақсатынан да маңызды болады. Біздің автомобильдің сенімділігі мен жайлылығы Сізге әрі қарай сапарда қажет болып қана қоймай, сонымен қатар Сіздің саяхатыңызды ұмытылмастай етеді. Салонның интерьерінде іске асырылған инновациялық идеялар Сізді алыс жерлерге саяхаттауда, сондай-ақ қала сыртындағы пикникте де қуантады. Автомобильдің тамаша сапасы мен заманауи дизайны оны кез келген жағдайда мінсіз етеді. Достарыңызбен кездесу, дүкен аралау немесе пикникке шығу – кез келген жағдайда біздің автокөлік барлығының Сізге назар аударуына мүмкіндік береді.